
21 қыркүйекте Алматы қаласы CONCORDIA театрында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен SUPER LIGA ойынының жартылай финалдық кезеңі өтеді.
21 қыркүйекте Алматы қаласы CONCORDIA театрында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен SUPER LIGA ойынының жартылай финалдық кезеңі өтеді. Ойында Абырой(Шымкент қаласы), Дилигент(Алматы қаласы), Көршінің қызы(ҚызПУ), Джеки Шаңырақ(Шымкент қаласы), Ассамблея(Астана қаласы), Атлант SU(ҚазҰТЗУ), ҚТЖ құрамасы(Астана қаласы), Қыздар-ай(Алматы қаласы) командалары бақ сынайды. «Жұлдызды сәлемдесу» кезеңі бойынша сайысқа түскен командалар спорт, театр, медия, әлеуметтік желі жұлдыздарымен өнер көрсетеді. Ойынға Дархан Карипов, Әлімжан Асқар, Медетжан Жаңабай, Қабдол Тілеков, Ермек Шынболатов сынды қонақтар қазылық етеді. Қорытынды бойынша финалдық кезеңге ең үздік топтар жолдама алады.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151


