
12 ноября 2025
Алматыда «Креативті индустрия мен жасанды интеллект әлемі» шеберлік сағаты өтеді!
«Student’s Week Almaty - 2025» апталығының бағдарламасы аясында "Креативті индустрия мен жасанды интеллект әлемі" атты шеберлік сағаты ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты – студенттердің заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейту, сондай-ақ креативті ойлау дағдыларын дамыту.
Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға жасанды интеллекттің креативті индустриядағы рөлі, оның қазіргі қоғамдағы ықпалы және болашақ мамандықтарға әсері жайлы қызықты мәліметтер ұсынады.
Мекен-жайы: ALT университеті, Шевченко көш, 97
Уақыты: 12.11.2025, 15:30


