
«EcoSkills: экологиялық дағдылар» семинарына шақырамыз
Қазанның 9-ы күні Әуезов ауданының коммюнити орталығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoSkills: экологиялық дағдылар» атты семинар өтеді.
Семинар барысында экологтар мен еріктілер қоқысты бөлек жинау, қалдықтарды қайта өңдеу және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді енгізу тақырыптарын талқылайды.
🌿 EcoSkills: экологиялық дағдылар 🌿
«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологияға бей-жай қарамайтын жандар үшін арнайы семинар өтеді!
Семинарда сіз:
♻️ Қоқысты дұрыс сұрыптау жолдарын;
🌱 Қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығын;
💧 Күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалай енгізуге болатынын білесіз.
📅 Өтетін күні: 09.10.2025
📍 Өтетін орны: Әуезов ауданы коммюнити орталығы, Мамыр-1 ы.а., 26/1
🕒 Уақыты: 10:00
Экологиялық сауаттылығыңызды арттырып, жасыл болашаққа бірге қадам басайық!
Қатысу тегін. Баршаңызға есік ашық!


