
16 ноября 2025
Халықаралық студенттер күніне орай өтетін "ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ..." атты акустикалық кешке шақырамыз!
"ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ..." акустикалық кеші
Халықаралық студенттер күніне арналған жылы шырайлы музыкалық кездесуге шақырамыз!
Алматы қаласы Жастар саясатының қолдауымен, "SHYRKA_LIKE" тобының ұйымдастыруымен өтетін бұл акустикалық кеш – студенттік шақтың шаттығын, достықты және жанға жақын әуендерді біріктіретін әсерлі шоу.
Кеште сізді не күтіп тұр?
-
Тек жанды дауыста орындалатын ерекше әуендер;
-
Студенттік рухты көтеретін жылы атмосфера;
-
Жүректен шыққан әндер мен шабыт сыйлайтын сәттер;
-
Халықаралық студенттер күніне арналған көңілді бағдарламалар.
Өтетін уақыты: 16.11.2025жыл
Өтетін орны: Жунисова 4/2А
Басталуы:18:00
Өзіңізбен бірге жақсы көңіл-күйіңізді ала келіңіз!
Келіңіз, бірге ән салып, ерекше кештің куәгері болайық!


