
17 ноября 2025
«Jana Béles» фестивалі – Студенттер күніне арналған жылдық қорытынды іс-шара, үздік студенттерді марапаттау салтанаты өтеді!
Алматыда «Jana Béles» фестивалі өтеді. Бұл шара — Студенттер күніне арналған жылдық қорытынды мерекелік іс-шара болып табылады.
Фестивальдің мақсаты — студенттердің оқу жылы бойындағы жетістіктерін қорытындылау, белсенді жастарды ынталандыру және үздік студенттерді марапаттау. Іс-шара барысында оқу, ғылым, өнер, спорт және қоғамдық өмірде ерекше көзге түскен студенттерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталады.
«Jana Béles» фестивалі — студенттік өмірдің ең жарқын сәттерін біріктіретін, шығармашылық пен позитивке толы ерекше мереке. Бұл кеш жастарға жаңа жетістіктерге ұмтылуға шабыт беріп, оқу орнының біртұтас студенттік рухын нығайтпақ.
Мекен-жайы: ALT университеті, Шевчен көшесі, 97
Уақыты: 17.11.2025, 16:00


