
«Jas Gala» жобасы аясындағы «Ең үздік студенттік топ» қалалық сайысының финалдық кезеңі
«Jas Gala» шығармашылық фестивалі мен «Student’s week» апталығының аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсының» ұйымдастыруымен «Ең үздік студенттік топ» жобасының финалдық кезеңі өтеді!
Финалдық кезеңге 11 ЖОО-дан қатысушы топтар 2 бөлім бойынша бақ сынайды:
• Таныстыру. Әр топқа 3 минут уақыт беріледі. Топтың барлық мүшесі қатысу қажет. Бөлімде топ мүшелерінің ерекше қасиеттері, жетістіктері мен мақсаттары шығармашылық бағытта көрсетіледі!
• Сахналық қойылым. Бұл кезеңде қатысушы топтар 6 түрлі бағыт бойынша (алдын-ала жеребе суырылды) шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.
Сайыс нәтижесі бойынша 3 жеңімпаз топ анықталады. Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды:
I орын – 500 000 теңге
II орын – 300 000 теңге
III орын – 200 000 теңге
Барлық қатысушы топтарға сәттілік тілейміз. Алматы қаласындағы ең үздік топты бірге анықтайық!
Уақыты: 13.11.2025, 16:30
Мекен-жайы: ALT университеті. Шевченко көш, 97


