
15 октября 2025
«Plastic Hunt» экологиялық акциясы өтті
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Таза Қазақстан акциясы аясында, Әуезов ауданы комьюнити орталығының ұйымдастыруымен «Plastic Hunt» экологиялық акциясы өтті.
Шара барысында қатысушылар тұрмыста пайдаланылған пластик бөтелкелер мен қаптамаларды жинап әкелді. Жиналған қалдықтар арнайы пластик қабылдайтын фандоматқа өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты — жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және табиғатты қорғау маңыздылығын насихаттау болды.
Ең көп пластик тапсырған белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Өткізілген жері: Әуезов ауданы коммюнити орталығы, Мамыр-1 ы.а., 26/1
Ұйымдастырушы: Сәбитұлы Б., +77070080913


