
17 ноября 2025
«Student Life» атты студенттер арасындағы Жайдарман ойының финалдық кезеңіне шақырамыз!
Student Life» атты Жайдарман ойынының финалдық кезеңі өтеді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің тапқырлығын, актерлік шеберлігін және командалық бірлігін арттыру, сондай-ақ жастар арасында позитивті көңіл күй мен шығармашылық орта қалыптастыру.
Мекен-жайы: Нархоз университеті Жандосова к. 55
Уақыты: 17.11.2025, 17:00
Финалдық кезеңде үздік командалар өз өнерлерін ортаға салып, әзіл мен өнер арқылы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл ойын студенттер арасындағы достықты нығайтып, креативті ойлау мен топтық жұмыстың маңызын айқындайды.
«Student Life» — жастардың талантын танытатын, рухани серпін мен қуаныш сыйлайтын көңілді әрі әсерлі шара болмақ.


