
«Student’s Week» – Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған апталық басталды!
Алматы қаласында Халықаралық студенттер күніне орай ерекше жоба – «Student’s Week ALMATY-2025 » апталығы өтуде. Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен 11–17 қараша аралығында өткізу жоспарланған.
Апталықтың алғашқы күні жастардың белсенді қатысуымен «Student Energy» флешмобы ұйымдастырылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – студенттер арасындағы бірлік пен белсенді өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жастарды жаңа идеялар мен бастамаларға шабыттандыру.
Апталық бағдарламасы әр күн сайын студенттерге арналған пайдалы әрі қызықты іс-шараларға толы:
• кәсіби және тұлғалық даму бағытындағы дәрістер мен мастер-класстар;
• студенттік шығармашылықты қолдау кездесулері;
• белсенді жастарға арналған алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстау;
• еркін форматтағы пікірталастар мен ашық кездесу алаңдары.
«Student’s Week» апталығы – бұл студенттердің өз әлеуетін ашуға, жаңа білім мен тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін ерекше алаң.
📍 Барлық студенттерді белсенді қатысуға шақырамыз


