
13 ноября 2025
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Таза Student Campus»
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Student Campus» атты экологиялық шара өткізілмек. Іс-шараның мақсаты – студенттерді қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулу.
Акция барысында жоғары оқу орнының студенттері мен еріктілері оқу орнының ауласын және оған іргелес аймақтарды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл бастама жастардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, қоғамға үлгі болуға бағытталған.
«Таза Student Campus» акциясы — табиғатты қорғауға арналған студенттік бастамалардың бір бөлігі болып, экологиялық сананы арттыру мен ұжымдық жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Уақыты: 13.11.2025, 09:00-15:00
Мекен-жайы: Алматы қаласы жоғары оқу орындары


