
14 ноября 2025
«Теңге - тәуелсіздігіміздің нышаны және экономикалық тұрақтылықтың кепіл» атты дөңгелек үстел өтеді
15 қараша - "Ұлттық валюта – Теңге" күніне арналған Наурызбай ауданындағ Құлагер арбатында теңгенің тарихы мен мән-маңызын түсіндіру және Қазақстан экономикасындағы теңгенің рөлін талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің ел экономикасындағы маңызын айқындау, оның қалыптасу тарихы мен даму кезеңдерін талқылау, ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі теңгенің рөлін түсіндіру, сондай-ақ жастардың экономикалық сауаттылығын арттыру және ұлттық валютамызға деген құрмет пен сенімді нығайту.


