17 қараша - халықаралық студенттер күніне орай Алматыда республикалық деңгейдегі қалалық бастама – «Almaty Students Week – 2025» аясында «Jana Beles» өткізілді.
17 ноября 2025

17 қараша - халықаралық студенттер күніне орай Алматыда республикалық деңгейдегі қалалық бастама – «Almaty Students Week – 2025» аясында «Jana Beles» өткізілді.

Фестиваль ALT University-де өтіп, шамамен 500-ге жуық студентті — студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларын, жастар бірлестіктерінің өкілдерін, шығармашылық қауымдастықтарды және қала активистерін біріктірді. Іс-шараны ұйымдастырушылар — қалалық студенттік ұйым G35 және Алматының жетекші жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару жетекшілері.

Бұл шара студенттік апталықтың қорытындысын шығаратын, үздік бастамалар таныстырылатын және жастар саясаты мен студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға елеулі үлес қосқан ең белсенді студенттер марапатталатын алаңға айналды.

Құрметті қонақтар қатарында мәслихат өкілдері, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Қоғамдық кеңес мүшелері болды. Олардың қатысуы студенттік бастамаларға мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейін айқындады.

Шығармашылық бағдарламаны жас орындаушы Dosekesh, Jas Gala байқауының финалистері және қаланың жетекші университеттерінің студенттік ұжымдары өз өнерлерімен әрледі.

11–17 қараша аралығында өткен Almaty Students Week – 2025 аясында Алматының 35 жоғары оқу орнында 40 мыңнан астам студенттің қатысуымен 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама «Заң және тәртіп», жасанды интеллект, экологиялық бастамалар, спорттық және зияткерлік жобалар, сондай-ақ мәдени және білім беру форматтарын қамтыды.

Апта Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Әділетті Қазақстан – адал азаматтан басталады» деген идеологиялық ұстанымына негізделді.

 

Қорытынды шаралар — «Jana Beles» фестивалі мен «Student Life» КВН финалы — Алматы студент жастарының бірлігі, белсенділігі және жоғары әлеуеті еліміздің дамуына маңызды күш екенін айқын көрсетті.

17 қараша - халықаралық студенттер күніне орай Алматыда республикалық деңгейдегі қалалық бастама – «Almaty Students Week – 2025» аясында «Jana Beles» өткізілді.