Алатау ауданы жастары "Жас сайлаушылар клубында" бас қосты!
12 сентября 2025

Алатау ауданы жастары "Жас сайлаушылар клубында" бас қосты!

12 қыркүйек күні Алатау ауданында «Жас сайлаушылар клубы» құрылды. Салтанатты отырыста клубтың негізгі мақсаттары мен жұмыс бағыттары таныстырылып, арнайы таңбашалар табысталды. Салтанатты жиынға аудандық жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар және сала мамандары қатысты.

"Жас сайлаушылар клубы" — бұл тек саяси ақпарат алу алаңы емес, бұл жастардың еліміздің болашағына өз үнін қосатын белсенді азаматтық платформа.

Алатау комьюнити орталығының директоры Молдахан Орынбек алдағы уақытта клубпен бірлесіп, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытында ортақ жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Мекен-жайы: Алатау ауданы коммюнити орталығы, Саялы ы.ауданы, 12.09.2025жыл

Алатау ауданы жастары "Жас сайлаушылар клубында" бас қосты!