
Алатау ауданының белсенді жастары "Алматы қаласының мемлекеттік архиві" КММ-ге экскурсияға барды!
Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде студенттерге арналған экскурсия және Президент Жолдауының талқылауы өтті
Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде студенттерге арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны Жеке қорлар, аудиовизуалды және суреттік құжаттарды жинақтау бөлімінің архивисті Гүлмира Тутбаева жүргізді. Қатысушылар архив қорларымен танысып, тарихи құжаттардың сақталуы мен зерттелу үдерістері туралы мағлұмат алды.
Экскурсиядан кейін студенттермен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы талқыланды.
Талқылауды аталған бөлімнің басшысы Айгерім Алжанова жүргізіп, Президент Жолдауында айтылған білім беру, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Студенттер Жолдаудың маңыздылығы, ел болашағына әсері және жастардың рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.
🔹 Іс-шара мақсаты – жастарды архив ісімен таныстыру және Президентіміздің кезекті жолдауына қатысты саналы көзқарас қалыптастыру.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Чуланова 159."Алматы қаласының мемлекеттік архиві" КММ




