Алатау ауданыны Комьюнити орталығында «Заң және Тәртіп» тақырыбында жастармен және ауданның демалыс орталықтары қызметкерлерімен кездесу өтті.
19 августа 2025

Алатау ауданыны Комьюнити орталығында «Заң және Тәртіп» тақырыбында жастармен және ауданның демалыс орталықтары қызметкерлерімен кездесу өтті.

Алматы қаласы «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы және Алатау ауданының Комьюнити орталығы өзара қол қойған мемарандум аясында «Заң және Тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.
Кездесуге арнайы Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы және Алатау ауданы ПЖ ЖПҚ бастығының орынбасары, Полиция майоры Нурсейтов Шыңғыс Жанболатұлы шақырылып, Заң және Тәртіп тақырып аясында дәріс оқылды. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы жастар арасындағы көбейіп бара жатқан қылмыстардың, оның ішінде нашақорлық тақырыбында қатысушылармен қызу талқылас болды және құқық қорғау органдары қызметкерлі қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу қортындысы бойынша, «Ауыл» партиясы филиалы мен Құқық қорғау органдарының арасында тығыз байланыс орнатып, қала жастары шоғырланған мекеме, институт, тағы басқа алаңдарда жиі дәрістер ұйымдастыруға келісті.
«Ауыл» партиясы филиалы, осы кездесуге қатысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және Алатау мансап орталығына өз ризашылықтарын білдірді.

Мекен-жайы: Алатау ауданы коммюнити орталығы, Саялы ы.ауданы, 19.08.2025жыл

Алатау ауданыны Комьюнити орталығында «Заң және Тәртіп» тақырыбында жастармен және ауданның демалыс орталықтары қызметкерлерімен кездесу өтті.