
6 октября 2025
Алатау ауданының жастары "Таза Қазақстан" жалпыұлттық сенбілігіне қатысты
Әр сенбілік – табиғатқа жасаған бір ізгі іс!
Қазан айының 6-жұлдызында Алматы қаласының белсенді жастары болып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Алатау ауданы, Қарасу шағын ауданында өткен сенбілік жұмыстарына қатысты.
"Біз бұл шара арқылы экологияға жанашырлық пен қамқорлық танытып, қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қостық" - дейді аудан жастары!
Бүгінгі сенбілік, тек тазалық шарасы ғана емес, бұл – ел болашағы үшін жасалған қадам.
Қаламыз таза болса – көңіліміз де таза, өміріміз де жарқын!
Мекен-жайы: Алатау ауданы Қарасу ықшам ауданы саябағы




