
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, Наурызбай комьюнити орталығы ұйымдастыруымен «ТАБЫС КІЛТІ: КӘСІП БАСТАУ ЖОЛЫ» атты семинар-тренинг өткізілді
2025 жылы қыркүйектің 23-і күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Наурызбай комьюнити орталығының ұйымдастыруымен «ТАБЫС КІЛТІ: КӘСІП БАСТАУ ЖОЛЫ» атты семинар-тренинг өтті.
Семинардың мақсаты – жастардың кәсіпкерлік дағдыларын арттыру, жеке ісін бастау жолдарын үйрету және кәсіпкерлікке деген қызығушылығын ояту.
🔹 Шара барысында қатысушылар келесі тақырыптармен танысты:
-
Кәсіп бастауға қажетті алғашқы қадамдар
-
Бизнес-жоспар құру негіздері
-
Мемлекеттік қолдау тетіктері мен гранттар
-
Маркетинг пен сатылым стратегиялары
Семинар барысында қатысушылар тәжірибелі кәсіпкерлермен еркін сұхбаттасып, өз сұрақтарына нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, мотивациялық сессиялар өткізіліп, нақты өмірден алынған табыс тарихтары айтылды.
Мекен-жайы: Шұғыла ы.ауданы, 340Б




