
Алматы қаласында «Заң мен тәртіп: Қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздіктің негіздері» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша тергеп-тексеру департаменті мамандарының қатысуымен, Жетісу-2 комьюнити орталығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілді.
Кездесу еркін диалог және сұрақ-жауап форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты. Және қатысушылар қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы республикалық диктантқа қатысып, белсенділік танытқаны үшін естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Айта кетейік, жастармен осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп отыратын болады.
Өткізілген жері: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Күні: 14.10.2025
Ұйымдастырушылар: Жетісу-2 коммюнити-орталығы, Боткин көшесі 18/1 к1




