Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы – 2025
18 августа 2025

Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы – 2025

Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының IV Халықаралық жастар фестивалінің ашылу рәсімі өтті
🔹 Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

🔹 Салтанатты жиынға жиналғандарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған құттықтау жеделхатын оқып берді.
🔹Іс-шара барысында Алматыға ресми түрде «2025 жылы – Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Бұл жастар саясатын дамытудағы қаланың белсенді рөлін айқындап, түркі дүниесі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңіне жол ашты. Бұған дейін бұл атақ Әзербайжанның Ленкорань қаласына берілген еді.
🔹 Абай алаңындағы салтанатты рәсім қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік шоу түркі мемлекеттері жастарының достығы мен бірлігінің нышанына айналды.

Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы – 2025