Алматы TURKI CUP 2025 халықаралық жайдарман ойыны өтті!
29 октября 2025

Алматы TURKI CUP 2025 халықаралық жайдарман ойыны өтті!

     Алматы қаласы түркі әлемінің жастар астанасы ретінде түркітілдес елдердің үздік командаларын бір сахнада тоғыстырды.  TURKI CUP 2025 халықаралық жайдарман ойындарының мақсаты:

-        Түркі халықтарының мәдени байланысын күшейту – ортақ мәдени мұраны насихаттап, дәстүр мен заманауи өнерді ұштастыру.

-        Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту – КВН және жайдарман өнері арқылы талантты жастарға өздерін көрсетуге жағдай жасау.

-     Халықаралық достық пен ынтымақты арттыру – Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан жастары арасындағы достық көпірін нығайту.

-        Әділ бәсеке мен тәжірибе алмасу алаңын құру – әр елдің үздік командаларының өнер көрсетуі арқылы кәсіби шеберлікті жетілдіру.

-        Түркі бірлігін насихаттау – ортақ тарих, тіл және мәдени құндылықтар төңірегінде жастарды біріктіру.

Бұл кеш күлкі мен достықтың, бірлік пен бауырластықтың мерекесіне айналды.  Қырғызстан мен  Өзбекстанның талантты жайдарманшылары,  Түркия құрамасы және  Қазақстанның жұлдызды КВН топтары көрерменге ерекше әсер сыйлап, өзара тәжірибе алмасты.Қазылар алқасының құрамында актер және вайнер Тоқтарбек Серғазы, тележурналист Руслан Өтепбай, әлем чемпионы Алуа Балқыбекова, әнші Қанай және ҚР Футзал федерациясының президенті Нұрсұлтан Құрман болды.

     Нәтижесінде І орынды Рудный құрамасы (Қазақстан) иеленді. Қырғызстанның Ош пен Бішкектен келген Лидер және Торнадо командалары ІІ орын алды. Ал Түркия құрамасы ІІІ орынға тұрақтады.

 

Жеңімпаздарға қаржылай жүлде табысталды: бірінші орынға – 1,5 млн теңге, екінші орынға – 1 млн теңге, үшінші орынға – 500 мың теңге. Ойын соңында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Оралбекұлы түркі халықтарынан келген талантты командалар көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара мәдени байланыстың, шығармашылық ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсеткендері үшін рахмет айтып, Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласы әкімі мен орынбасарына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

 

Алматы TURKI CUP 2025 халықаралық жайдарман ойыны өтті!