
12 октября 2025
Алматы жастары арасында қызықты "Мафия" ойыны өтті
Іс-шараның мақсаты — қатысушылардың логикалық ойлауын дамыту, командалық қарым-қатынасты нығайту және жастар үшін пайдалы әрі қызықты бос уақыт ұйымдастыру. Ойын барысында қатысушылар рөлдерге еніп, мафияны табу үшін тактика, интуиция және сендіру дағдыларын қолданды. Кеш интригаға, эмоцияға және командалық ойынға толы болды.Іс-шараға MEDEU COMMUNITY CENTER жастары мен ауданның белсенділері қатысып, бейресми ортада жаңа таныстықтар орнатты және қызықты уақыт өткізді.
Бұл кеш — жастарды біріктіретін, эмоционалды әрі тартымды форматтағы ойындардың бірі болды.
Мекен-жайы: Медеу ауданы комьюнити орталығы




