
7 ноября 2025
Алматыда «Дауды шешудің заманауи жолы – медиация» тақырыбында студенттерге арналған заңгер маманмен кездесу
7 қараша күні Алматы қаласындағы ALT колледжінде «Дауды шешудің заманауи жолы – медиация» тақырыбында заң маманымен кездесу өтті. Аталған іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Жетісу ауданы комюнити орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесу барысында қатысушылар медиацияның қалай жұмыс істейтіні, қандай жағдайларда тиімді болатыны және дауларды бейбіт жолмен шешудің артықшылықтары туралы түсінік алды.
Заңгер маман нақты мысалдармен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап беріп, медиацияның күнделікті өмірде де маңызды құрал бола алатынын көрсетті.
Жеңіл форматтағы әңгіме мен ашық талқылау кездесуді пайдалы әрі қызықты етті.




