Алматыда "Тиімді баспана" тақырыбында семинар өтті
14 ноября 2025

Алматыда "Тиімді баспана" тақырыбында семинар өтті

14-қараша күні Түрксіб ауданы комьюнити орталығының ұйымдастыруымен "Тиімді баспана" тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында Отбасы банк өкілдері жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын таныстырып, тиімді баспана алудың жолдары мен шарттары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Семинардың мақсаты — жастарға қолжетімді тұрғын үй алу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат беру, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары мен артықшылықтарын түсіндіру, сондай-ақ баспанаға қол жеткізу процесін тиімді жоспарлау бойынша практикалық кеңестер ұсыну. Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша 8 ауданда орналасқан комьюнити орталықтардың барлығында психологиялық, заңгерлік және Отбасы банк бойынша тегін кеңестер алуға болады.

Мекен жайы: Жас қанат 49А

Алматыда "Тиімді баспана" тақырыбында семинар өтті