
Алматыда жастар күніне орай "Jas Vibe" акустикалық кеші өтті
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «Jas Vibe» акустикалық кеші ашық аспан астында өтіп, шығармашылық атмосферада жалғасты. Іс-шараға 500-ге жуық адам қамтылып, 30 жас әнші мен музыкант өнер көрсетті. Бағдарлама барысында авторлық әндер, танымал туындылар және поэтикалық перформанстар ұсынылды. Ұйымдастырушылар: Әуезов ауданы коммюнити-орталығы.
Шараға Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Абайұлы,сондай-ақ Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты.
Кеш аясында қатысушылар мен қонақтарға сусындар мен жеміс-жидектер ұсынылды. Іс-шара жастардың шығармашылығын насихаттап, олардың өнерге және мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.




