
11 августа 2025
Алматыда Жастар күніне орай квест-ойыны мен әлеуметтік жобалар көрмесі өтті
Фестиваль аясындағы тағы бір маңызды шара – SOCIAL LAB көрмесі қаланың ең ірі сауда орталықтарының бірінде өтті. Онда 20-дан астам жастар жобасы таныстырылды: инклюзивті театр, волонтерлік бастамалар, ашық аспан астындағы кинопоказдар, тегін оқу курстары, «Тілдер саябағы» жобасы, профилактикалық бағдарламалар, сонымен қатар жасанды интеллект пен робототехника бағытындағы бастамалар.
Көрменің басты мақсаты – әлеуметтік маңызы бар жобаларды тұрғындарға таныстыру және оларды қолдау. Біз жастардың бастамаларын іске асыруға және оларды қоғамдық өмірге белсенді тартуға жағдай жасаймыз, – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.
Айта кетейік, Алматыда 3 тамыздан бастап Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік тойланған болатын.




