«Қайраткер» жас саясат мектебі басталды.
23 февраля 2025

«Қайраткер» жас саясат мектебі басталды.

 Мектеп Қазахстан Халқы Ассамблесының 30 жылдығына арналған және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізілді. 

 

Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев мектепті ресми түрде ашып, жоба қатысушыларына еліміздің көркеюіне үлес қосатын жемісті оқу мен жаңа саяси дағдылар тіледі. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Диана Еран, Кристина Бекмурзаева, Салтанат Серікова да құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін  жазушы, экономист, публицист, тележүргізуші және қоғам қайраткері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Кисиков «ХХІ ғасырдың саясаткері – негізгі бағыттар» тақырыбымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Amanat» партиясы АГФ Саяси кеңесінің мүшесі Рустам Қайыраев «әлеуметтік желілер және қоғам: Өзара әрекеттесу тенденциялары» тақырыбында сөз сөйледі.

 

«Қайраткер» жас саясат мектебі бір айдың ішінде өтеді, бағдарлама мәслихат депутаттарымен, саяси қайраткерлермен, белгілі қоғам қайраткерлерімен, саяси, қоғамдық және маркетингтік тәжірибелерімен бөлісетін PR мамандарымен мотивациялық тренинг-кездесулерден тұрады.

 

Мектеп қатысушылары жастар қоғамдық ұйымдарының белсенділері, этномәдени бірлестіктердің жастары, саяси партиялардың жастар қанаттарының мүшелері, G35 студент жастары және т.б. болды.

“Қайраткер” жас саясат мектебі аяқталған соң қатысушылар дипломмен мараппаталады.

«Қайраткер» жас саясат мектебі басталды.