
12 ноября 2025
«EDUQUEEN Бүгінгі тренд — білім!» Jetisu Community орталығында семинар-тренинг өтті
Jetisu Community орталығында заманауи қыздардың дамуына бағытталған ерекше кездесу — EDUQUEEN өтті.
Шараның басты мақсаты — білімді тренд ретінде қалыптастыру, қыздарды өз ойын еркін айтуға, өз әлеуетін ашуға және сенімділікті арттыруға ынталандыру болды.
Қатысушылар білімнің қоғамдағы маңызы, тұлғалық өсу, мансап жолын жоспарлау және қыздардың лидерлік қабілеттері туралы пікір алмасты.
Бұл семинарда қыздарымыз өз тәжірибесімен бөлісіп, мотивация алды және жаңа білімге қанықты. EDUQUEEN атмосферасы қыздарға қолдау көрсету, шабыттандыру және интеллектуалды дамуды бағалау құндылығын нығайтты.




