
Халықаралық студенттер күніне арналған "ALMATY STUDENTS WEEK" апталығы аясында Алматы Студенттер Альянсы ұйымдастыруымен "JAS IQ" интеллектуалды сайысы өтті
Халықаралық Студенттер күніне арналған “ALMATY STUDENTS WEEK” апталығы аясында Алматы Студенттер Альянсы ұйымдастырған “JAS IQ” интеллектуалды сайысы Нархоз университетінде сәтті өтті.
Бұл зияткерлік жарыс студенттердің білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және ең бастысы — олардың белсенділігін айқын көрсетті. Қатысушылар әрқайсысы өз білімін, тапқырлығын және командалық бірлігін жоғары деңгейде таныта білді.
“JAS IQ” интеллектуалды сайысы студенттердің жаңа идеяларға ашық, білімге құштар және заманауи ойлайтын белсенді буын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
“JAS IQ” интеллектуалды сайысының негізгі мақсаты — студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыру, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, жастардың белсенділігін көтеру, командалық жұмыс мәдениетін нығайту және жаңа идеяларға ашық, ойлы әрі білімге құштар студенттік ортаны қалыптастыру.




