
8 августа 2025
Халықаралық жастар күніне орай Алматыда жаңа мурал ашылды!
Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясында «Алматы – жастар қаласы» атты жаңа муралдың салтанатты ашылуы өтті. Жобаны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен шығармашыл жастар жүзеге асырды.
Мурал – қала жастарының заманауи келбетін бейнелейтін жарқын символға айналды. Жоба жастардың қоғамдық өмірге қатысуын арттырып, урбанистика мен өнерді ұштастыра отырып, жаңа мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Бұл мурал Алматы жастарының жан-жақтылығын, олардың ашықтығын, шығармашыл және заманауи көзқарасын көрсетуге тырысады және Саялы ықшам ауданында орналасқан.




