
Отбасы күніне орай Наурызбай ауданы коммюнити орталығында «Қазақстандағы отбасы институтын дамытудың негізгі мәселелері және трендтері» тақырыбында кездесу өтті
Алматыда Отбасы күніне орай сарапшылық кездесу өтті
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Наурызбай комьюнити орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы отбасы институтын дамытудың негізгі мәселелері және трендтері» тақырыбында отбасы күніне орай арнайы сарапшымен кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қазіргі замандағы отбасы институтының өзекті мәселелерін талқылау, жастарға отбасының маңызын түсіндіру және сауатты, жауапты қарым-қатынас құрудың жолдарын көрсету.
🔹 Кездесу барысында қатысушылар:
-
Қазақстандағы отбасы құрылымындағы заманауи өзгерістермен танысты
-
Сарапшыдан әлеуметтік, психологиялық және мәдени аспектілер бойынша пайдалы кеңестер алды
-
Ашық пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды
Мекен-жайы: Алматы қаласы Наурызбай ауданы коммюнити орталығы, Шұғыла ы.ауданы, 340Б




