
6 сентября 2025
«Таза Қазақстан»: Алматы жастары сенбілікте
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы қаласының барлық ауданында сенбіліктер өтті. Оған жастар, еріктілер мен белсенділер қатысты.
Қатысушылар аула аумақтарын, қоғамдық орындарды тазалап, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Экологиялық акцияның басты мақсаты – жастар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.




