«Жарқын күз»:  Алматының ЖОО-да  сенбіліктер өтуде
24 октября 2024

«Жарқын күз»: Алматының ЖОО-да сенбіліктер өтуде

Алматының жоғары оқу орындарында «Жарқын күз» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер қарқынды түрде өтуде. Бұл шара қала тазалығы мен көркейтілуін қолдауға, сонымен қатар жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды бастаманың бір бөлігі болып табылады.

Студенттер, оқытушылар және университет әкімшілігі өз оқу орындарының кампустары мен оған іргелес аумақтарды тазалау үшін ортақ іске жұмылды. Әр сенбілікке қатысушы қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңыздылығын түсінеді, себебі қаланың көшелері мен саябақтарының тазалығы мегаполистегі өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Әсіресе, студенттер бұл шараға белсенді қатысуда, олар үлкен қызығушылықпен сенбіліктерге атсалысуда. Алматы жастары қаламыз бен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, тазалық пен тәртіпті тек қала қызметтері емес, әрбір тұрғын қамтамасыз ететінін жақсы түсінуде.

Тазалық жұмыстарынан бөлек, қатысушылар экология, қалдықтарды қайта өңдеу және табиғи ресурстарды сақтау тақырыптарын да талқылайды. Мұндай іс-шаралар жастар арасында экологиялық көзқарасты қалыптастыру мен пікір алмасудың тамаша алаңына айналып отыр.

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық акциясы аясында «Жарқын күз» науқаны жалғасуда.


#TazaKazakhstan
#AlmatyNashDom
#ZharkynKuz

«Жарқын күз»:  Алматының ЖОО-да  сенбіліктер өтуде