
12 сентября 2025
Жетісу ауданында жас сайлаушылар клубы құрылды!
Жетісу ауданында жас сайлаушылар клубы құрылды!
Аталған клубқа комьюнити орталық резиденттері, қоғам белсенділері мен жастар мүше болды.
Клубтың басты мақсаты – жастардың саяси сауаттылығын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық белсенділікті дамыту.
Алдағы уақытта түрлі пікірталастар, семинарлар мен жастарға арналған ашық диалог алаңдары өткізіліп, жас сайлаушылардың көзқарасы мен ұсыныстары ескерілетін болады.
Бұл бастама – аудан жастарының ел болашағына деген жауапкершілігін арттыратын маңызды қадам.
Мекен-жайы: Жетісу ауданы коммюнити орталығы, Боткин көшесі, 18/1, к1




